«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ел экономикасын қолдау мақсатында шамамен 3,5 трлн теңге бөледі

11:30, 24 маусым 2024

© Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Үкіметтің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан экономикасына шамамен 3,5 трлн теңге сомасында қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.

"Үкімет "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын, экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруға тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді түрде тартады. "Бәйтерек" желісі бойынша ағымдағы жылы 3 трлн теңгеден астам сомаға жобаларды қаржыландыру жоспарлануда", - деп толықтырды Олжас Бектенов.

Қолдаудың негізгі бөлігі тікелей қолдау құралдары арқылы көрсетілетін болады, оған 2,8 трлн теңге бөлінеді.

Бұл қаражат келесідей бөлінеді:

  • экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыру: шамамен 1,4 трлн теңге;
  • көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыру: 0,5 трлн теңгеден астам;
  • тұрғын үй блогын қолдау: шамамен 0,4 трлн теңге;
  • "Наурыз" және "Отау" ипотекалық бағдарламаларын іске асыру: 0,4 трлн теңге;
  • экспорттаушылар мен шағын және орта бизнес субъектілерін (ШОБ) қолдау: 32 млрд теңге.

Бұдан басқа, кепілдік беру, субсидиялау және сақтандыру сияқты жанама қолдау құралдары арқылы 700 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетін болады:

  • инвестициялық жобалар мен ШОБ жобалары бойынша кепілдіктер беру: 150 млрд теңгеден астам;
  • ШОБ субъектілеріне субсидиялар беру: шамамен 300 млрд теңге;
  • экспорттық операцияларды сақтандыру: шамамен 300 млрд теңге.

Бұл бастама экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларында өсуді ынталандыруға бағытталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!