Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандыққа айыппұл салынды
© Сурет: Zakon.kz
Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар оны елемей, сол арқылы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай осы күндері Алматыда жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.
Көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру мәселелері – басымдықта.
"Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында нысандардың бірінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтады.
Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-тарату орталығына орналастырылған. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Ұрып-соғып, жүк салғышқа итеріп жіберген: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Тұман, үсік, жел: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:43, 28 қыркүйек 2024
Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті
-
16:13, 28 қыркүйек 2024
Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік питонды алып өтпек болған
-
15:46, 28 қыркүйек 2024
Астанада иесіз қалған үй өртеніп кетті