Димаш Нью-Йорктегі концертінен кейін жағымды жаңалық хабарлады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлемдегі басты сахналардың бірі Madison Square Garden-де өнер көрсеткен алғашқы қазақ ретінде тарихта қалды. Әнші концерттен алған әсері жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаш желіге жүктеген бейнежазбада келесідей мәтін жазылған:
"Нью-Йорк. МЭДИСОН САХНАСЫ. Мыңдаған жүректер. Бір тыныс. Бұл түн тарихта да, менің жадымда да мәңгі қалады. Бұл жолды менімен бірге жүріп өткен – менің командама, музыканттарға, көрермендерге және осы сапарға сенгендердің барлығына, алғысымды білдіремін. Музыка бізді біріктірді – Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен-жүрекке, жаннан-жанға. Біз осы концерт туралы, бәріміз бастан кешкен – саяхат пен энергия жайлы деректі фильм түсірдік. Жақында...",- деп жазды ол.
Бұл жаңалықты оқырмандар жылы қабылдады:
- Тамаша! Концертке бара алмап едім, бұл керемет мүмкіндік!
- Асыға күтемін!
- Керемет боларысына күмәнім жоқ)
- Бүгінгі күннің ең жақсы жаңалығы болды!
- Супер! Бұл сөзсіз жоғары деңгейдегі фильм болмақ!
- Сәттілік! Концерт ғажайып өтті! Енді фильмді күтемііз!
Бұған дейін Қазақстан әнұраны Нью-Йорк төрінде шырқалғанын жазғанбыз. Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





