Димаш Құдайберген «Virtuosos» халықаралық байқауында қазылық етуде
© Сурет: DimashNews.com
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан классикалық музыка әлеміне арналған бұл жоба биыл 10-мерейтойлық маусымын атап өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарламаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады. Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі. Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді, деп жазады dimashnews.com.
Мерейтойлық маусымның финалында қазылар алқасының құрамында төменде көрсетілген мамандар төбе көрсетуде:
- Пласидо Доминго – опера тарихындағы ең ұлы әншілердің бірі және әйгілі дирижер. Ол осы жылдар ішінде жобаны қолдап, шоудың жұлдызды қонағы және сонымен қатар төрешісі болды.
- Хосе Каррерас – әлемдегі ең танымал тенорлардың бірі. 60-тан астам опералық партияларды орындап, әртүрлі музыкалық жанрларда мыңдаған қойылымдарға қатысқан.
- Вероника Берти Бочелли – Андреа Бочеллидің бас менеджері. Әйгілі әншінің әлемдік деңгейдегі түрлі беделді іс-шараларға қатысуын ұйымдастырушы.
- Димаш Құдайберген – вокал және композиция саласында классикалық білім алған, әлемнің түрлі елдеріндегі қойылымдары аншлаг жинайтын, отбасына, өз мәдениеті мен жалпы әлемге қарапайымдылығы мен адалдығы үшін жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған қазақстандық музыкант.
- Эрика Миклоша – венгриялық опера әншісі, колоратуралық сопрано. Венгрия мемлекеттік опера театрының солисі. Ол "Virtuosos" ұлттық және халықаралық байқауларының тұрақты венгрлік судьясы.
- Хаузер – Хорват виолончелисті, виртуоз. Ол өз өнерімен тыңдаушыларды магнит сияқты өзіне еліктіріп, оның әуені арқылы ұрпақтар жалғастығы жандана түседі. Оның өнері кроссовер, классикалық және заманауи музыка арасындағы шекараларды бұзып, керісінше бір-бірін үйлесімді біріктіреді.
- Андрас Келлер – скрипкашы және венгр классикалық музыкасының көрнекті қайраткері. Ол құрған Келлер квартеті көптеген халықаралық марапаттарға ие болды. 2007 жылдан бастап Будапешт концертінің музыкалық жетекшісі.
- Елена Дудочкина – американдық сопрано. Ол сахнадағы әйгілі қойылымдарымен де, мәдениеттің адам өміріндегі маңыздылығын жаһандық деңгейде насихаттауымен де танымал. Ол бүкіл әлемде: Карнеги холлынан Мариин театрына дейін өнер көрсетті.
- Микко Кодисоя – финдік кәсіпкер, Supercell компаниясының негізін қалаушы. Ол кино мен теледидар өндірісінде жаңалық алып келген алдыңғы қатарлы камераішілік визуалды эффектілерге маманданған Fireframe Studios компаниясын құрды.
Димаш Құдайберген бұл жобада екінші мәрте қазылық етуде. Өткен жылы ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған болатын.
Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт жасады. Екеуі Жорж Бизенің "Інжу жинаушылар" операсындағы Надир мен Зурганың "Au Fond du Temple Saint" дуэтін орындады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 28 қаңтар 2025
Көкшетауда ер адам жасөспірімді қар төбешігі үшін соққыға жықты
-
22:21, 28 қаңтар 2025
«Күн көріс қамы қиындай түсті». Қайрат Нұртастың әйелін сот процесі әбден қажытқан
-
22:05, 28 қаңтар 2025
Қызылорда облысында қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды
-
22:00, 28 қаңтар 2025
Ұлытау облысындағы ауыл тұрғындары көлікпен жүру үшін жолға кілем төсеуге мәжбүр
-
21:51, 28 қаңтар 2025
Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс: сот үкімі шықты