Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды
© Сурет: ашық дереккөз
Әдебиет тарихында есімі жекелегеншығармалармен ғана емес, тұтас бір бағыттың қалыптасуымен байланысты қаламгерлер бар. Қазақ әдебиеті үшін сондай тұлғалардың бірі — отандық детектив және шытырман оқиғалы прозаның қалыптасуына елеулі үлес қосқан жазушы Кемел Тоқаев.
Оның шығармашылығына белгілі қазақ жазушысы Әзілхан Нұршайықов ерекше баға берген. Ол Кемел Тоқаевты "қазақ детектив әдебиетінің негізін қалаушы" деп атаған. Әзілхан Нұршайықов үшін "негізін қалаушы" ұғымының салмағы ерекше еді. Оның пікірінше, мұндай анықтаманы кез келген белгілі қаламгерге қолдануға болмайды. Бұл — әдебиетте жаңа бағыт ашып, өзінен кейін із қалдырған тұлғаларға ғана лайық баға.
Кемел Тоқаев қазақ әдебиетінде оған дейін дербес бағыт ретінде кеңінен қалыптасып үлгермеген жанрдың бастауында тұрды. Оның шығармаларының өзегінде қылмысты ашу, тергеу, құқық қорғау органдарының қызметі, адам мен қауіптің бетпе-бет келуі секілді тақырыптар жатыр. Алайда жазушы үшін детектив оқырманды қызықтыратын тартымды сюжет қана болған жоқ. Шиеленіске толы оқиғалар арқылы ол парыз, әділдік, жауапкершілік және адам таңдауы секілді маңызды мәселелерді көтерді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 21:50, 5 қазан 2026
Марғұлан Аманбаев ҚР ТЖМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
- 21:39, 5 қазан 2026
БҚО-да алты жылқы ұрлаған екі күдікті ұсталды
- 21:06, 5 қазан 2026
Қарағандыда студенттерге жоқ пәтерлерді ұсынып, 2,2 млн теңгеден астам ақша алған әйел ұсталды
- 20:36, 5 қазан 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, боран соғады
- 20:00, 5 қазан 2026
Ақмола облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды: ол туралы не белгілі





