БҚО-да алты жылқы ұрлаған екі күдікті ұсталды

21:39, 5 қазан 2026
MKZ: 1570657

© Сурет: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында полиция қызметкерлері жайылымнан алты жылқыны ұрлау фактісін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қыркүйек айында жайылымдық жерден екі тұрғынға тиесілі алты жылқы ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар ауданның екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұрланған жылқылардың алдымен бір қораға қамалғаны, кейін автокөлікпен Атырау қаласына жеткізіліп, сатылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген процессуалдық шешім қабылданады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!