Депутат: Делдалдар халықты қанап отыр

10:33, 28 наурыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Электр энергиясы саласындағы делдалдардың жұмысына тыйым салу керек. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин, үкіметке осылай деп сауал жолдады.

Алып сатарлар салада шамамен 20 жыл бұрын пайда болған. Олар нарықта электр қуатын көтерме бағамен сатып алып, тұтынушыларға үстеме ақы қосып сататын компаниялар.

Яғни, қарапайым халық солардың кесірінен коммуналдық қызметке қымбаттырақ төлейтін болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ұлттық оператор – КЕГОГ-тың мәліметі бойынша, еліміздің тұтынушыларына жіберілетін электр энергияның 18 пайызы тарифі реттелмейтін Электрмен жабдықтаушы ұйымдар арқылы сатылып отыр.

Яғни, делдалдардың қолынан миллиардтаған қаржы өтеді, - деді депутат.

"Біздің болжамды есебіміз бойынша әрбір делдал жылына кемінде 1 миллиард теңге таза пайда көреді екен. 120-дан астам реттелмейтін ЭСО-лардың бір жылдық таза табысы кемі 150 миллиард теңгені құрайды. Бұл әзірше болжам цифрлар, нақтысын ешкім білмейді. Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ." Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!