Денсаулық сақтау министрлігі Иркутскідегі инфекция қаупіне қатысты түсініктеме берді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 5 қазанда Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайға байланысты ахуалды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданған. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр.
"Көліктің барлық түрінде дене қызуы жоғары, ауру белгілері бар немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен болып отыр. Ресми ақпараттың түсуіне қарай жағдай мен қабылданып жатқан шаралар нақтыланады", – делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға кеңес берді. Егер сапардан кейін ауру белгілері байқалса, медициналық көмекке уақытылы жүгініп, дәрігерге болған жерлері мен сапар күндері туралы хабарлау қажет.
"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Ресей мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр. Қорытынды диагноз әзірге ресми түрде расталған жоқ. Ықтимал жұқтыру көзі мен жағдайлары анықталуда. 197 байланыста болған адам медициналық бақылауда. Қолда бар мәлімет бойынша, олардан ауру белгілері анықталмаған, зертханалық талдау нәтижелері теріс. Шелехов аудандық ауруханасында қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі жағдайға қатысты.
2 қазанда Иркутск обаға қарсы институтының қызметкері Шелеховта қайтыс болғаны белгілі болған. Осыдан кейін оба ауруына қатысты күдік туындағаны туралы ақпарат тарады.
4 қазанда Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау қызметі (Роспотребнадзор) Иркутск облысы, Иркутск қаласы мен Шелеховтағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін және оба ауруы анықталмағанын хабарлады.
28 жастағы әйелдің өліміне этиологиясы анықталмаған пневмония себеп болғаны айтылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 5 қазан 2026
Астанада жаңбыр мен қар күтіледі: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады
-
16:52, 5 қазан 2026
Айдар Жарылғанов ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
-
16:43, 5 қазан 2026
Алматыда бірнеше көшеде жол опырылып, көлік қозғалысы қиындады
-
16:37, 5 қазан 2026
Сенаттың бұрынғы депутаты Көлік министрлігіне қызметке тағайындалды
-
16:32, 5 қазан 2026
Қолма-қол ақшасыз төлем қабылдамаған: қазақстандық сатып алушы сатушыны сотқа берді





