Алматыда нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшеді
© Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілік режиміне көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 қазанға қараған түні қалада қатты жауын-шашын болжануына байланысты жедел әрекет ету үшін мобильді бригадалар, арнайы техника мен мотопомпалар дайындалды.
"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 4 қазанда сағат 21:00-ден кейін аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейіп, түнде кей уақытта 15-20 мм-ге дейін қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Таңертең жауын-шашын бәсеңдеп, болжам бойынша 5 қазанда сағат 12:00-ге дейін тоқтайды. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
"Су басу қаупінің алдын алу және жергілікті су басуы мүмкін жағдайды жедел жою үшін 70 мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап дайын тұр. Жұмысқа коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің 717 маманы жұмылдырылады", – делінген хабарламада.
Негізгі күш су жиналу қаупі жоғары учаскелерге бағытталады. Мұндай аумақтарда ассенизаторлық машиналар кезекшілік шығады. Жол саласы жұмысшылары мотопомпалармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жалпы, тәулік бойы кезекшілікке 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылады. Бұл жұмысқа "Алматы Тазалық" МКК және жеке мердігер ұйымдар тартылған.
Болжам бойынша 6 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:04, 4 қазан 2026
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
18:13, 4 қазан 2026
Дзюдошы Шерзод Давлатов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты
-
17:56, 4 қазан 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Дүйсенбіде еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
17:03, 4 қазан 2026
Қонаевта бес қабатты тұрғын үй шатыры өртеніп, 120 адам эвакуацияланды
-
16:59, 4 қазан 2026
«Көктайғақ болады». Еліміз бойынша 5 қазанға арналған ауа райы болжамы





