Айдар Жарылғанов ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
2026 жылдың 5 қазанында Үкімет қаулысымен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1978 жылы Абай облысы, Семей қаласында дүниеге келген. "Семей" мемлекеттік университетін, "Әділет" жоғары құқық мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылдың маусым айында Астана қаласы, "Ақ Орда" жобалау-құрылыс компаниясы ЖШС инженері болып бастаған.
2001–2002 жылдары — ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаментінің жетекші маманы.
2002–2007 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
2007–2008 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы.
2008–2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 5 қазан 2026
Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
17:19, 5 қазан 2026
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
-
17:18, 5 қазан 2026
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: 13 қылмыстық іс қозғалған
-
17:18, 5 қазан 2026
Тоқаевқа Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
-
17:10, 5 қазан 2026
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды





