Абай облысында жүргізушінің жолға назар аудармауынан жолаушы көз жұмды
© Сурет: Абай облысы полиция департаменті
9 шілде күні сағат 08:40 шамасында Алматы – Өскемен тасжолының 885-шақырымында, Абай облысы Жарма ауданына қарасты Жарма ауылы маңында төрт көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі жолға назар аудармай, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Кейін жол апатына тағы екі көлік – Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.
Апат салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдайда") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 9 шілде 2026
Жұма күні қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:14, 9 шілде 2026
Ақын, аудармашы Нұртас Исабаев дүниеден озды
-
20:01, 9 шілде 2026
Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді
-
19:40, 9 шілде 2026
Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстап алды
-
19:40, 9 шілде 2026
Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстады





