Қазақстанда бір күнде 4 орман өрті тіркелді
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған.
Министрлік мәліметінше, өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықталған. Жедел әрекет ету нәтижесінде барлық өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілген.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар мен арнайы техника жұмылдырылды.
Ведомство өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға үндеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:35, 9 шілде 2026
Астанада полиция дропперлерді ұстады
-
21:58, 9 шілде 2026
Қазақстанда 10 шілдеден бастап бірнеше автожол ақылы болады
-
21:58, 9 шілде 2026
Қазақстанда 10 шілдеден бастап бірнеше автожолдар ақылы болады
-
21:53, 9 шілде 2026
Қазақстанда бір күнде алты орман өрті тіркелді
-
21:19, 9 шілде 2026
Қазақстанда «Кыздар.Нет» ісі бойынша алғашқы үкім шықты





