Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстады
© Фото: zakon.kz
Қазақстандық Руслан Шаекин Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре аулады. Мамандардың болжамынша, балықтың жасы шамамен 85-100 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Шаекин өзінің олжасын әлеуметтік желіде бөлісіп, бұл жетістікке командасымен бірге қол жеткізгенін айтты.
"Әлемдегі ең ірі ақ бекірені Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы Фрейзер өзенінен аулауға болады. Біз дәл осы жерге олжа үшін келдік. Бүгін арманымыз орындалды", – деді ол.
Балықшы ұстаған ақ бекіренің негізгі сипаттамалары:
- ұзындығы – 305 см;
- құйрығына дейінгі жалпы ұзындығы – 327 см;
- денеcінің жуандығы – 115 см.
Руслан Шаекиннің айтуынша, бұл көрсеткіштерге сәйкес балықтың шамамен салмағы 300-350 келі. Ал жасы 85-100 жыл деп болжанған. Өйткені балықта чип болмаған, яғни бұған дейін ешқашан ауланбаған.
"Мұндай олжаға қол жеткізу – үлкен сәттілік. Бұл жерде бақ, маусым, қасыңдағы адамдар және ең бастысы – дұрыс ниет маңызды. Біздің гид бес жасынан бері балық аулайды. Өткен жылы ғана ол өзенге 185 күн шыққан. Соған қарамастан, өмірінде ұзындығы үш метрден асатын бұл – небәрі екінші балығы. Оның өзі де қатты қуанып тұр. Қасымда болған барлық жігіттерге рақмет. Мақсатыңа жетудің сезімі – сөзбен айтып жеткізгісіз", – деді Руслан Шаекин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 9 шілде 2026
Жұма күні қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:14, 9 шілде 2026
Ақын, аудармашы Нұртас Исабаев дүниеден озды
-
20:01, 9 шілде 2026
Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді
-
19:40, 9 шілде 2026
Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстап алды
-
19:36, 9 шілде 2026
Абай облысында жүргізушінің жолға назар аудармауынан жолаушы көз жұмды





