Демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады
© Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 2 қарашасы мен 4 қарашасы аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы жауын-шашынды болады. Ал Астанада қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының ауа райы болжамы
2 қараша: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 3-5 градус жылы.
3 қараша: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.
4 қараша: көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, көктайғақ. Қатты жел. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 6-8 градус жылы.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
2 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.
3 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 17-19 градус жылы.
4 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
2 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
3 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.
4 қараша: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күннің аяғында қатты жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 19-21 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар бүкіл ел бойынша болжам жасаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 1 қараша 2024
Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды
-
18:20, 1 қараша 2024
Алматы облысында судьяны жемқор деп атаған ер адам темір торға тоғытылатын болды
-
17:52, 1 қараша 2024
АДБ Отбасы банкке 90 млрд теңге көлемінде несие ұсынады
-
17:40, 1 қараша 2024
«Тұман, көктайғақ, қатты жел». Елімізде 2 қарашада ауа райы қандай болады
-
17:28, 1 қараша 2024
Қаржы министрлігі тау-кен саласына салық салу тәртібі қалай өзгеретінін айтты