Даяна Федосова - XVII жазғы Паралимпиаданың қола жүлдегері
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
XVII жазғы Паралимпиада ойындарында J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін таласып, Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын басымдықпен жеңді. Ел қоржынында - тағы бір кезекті жүлде, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, пара дзюдодан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Даяна Федосова бұл жолы да жанкүйерлерді жеңісімен қуантып, Паралимпиаданың қола медалін олжалады.
"Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалі. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін", - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, Даяна 2021 жылы өткен Токио Паралимпиадасына да қатысып, жүлдеге сәл жетпей қалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:09, 16 қыркүйек 2024
Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйден от шығып, өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарды
-
23:02, 16 қыркүйек 2024
Түркістан облысында үш еркек жас жігітті жабыла сабап, мерт қылды
-
22:36, 16 қыркүйек 2024
«Ойбай, Елдос Сметов!». Олимпиада чемпионы чат-рулетканы пайдаланып көрді
-
22:03, 16 қыркүйек 2024
Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды
-
21:50, 16 қыркүйек 2024
«Бәрін ұрлайды». Hamster Kombat ойнындағы алаяқтар қалай әрекет етеді