Дауыс беру күні не істеуге тыйым салынады

10:36, 23 тамыз 2026
MKZ: 1562789

© Фото: Zakon.kz

Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейісов 2026 жылғы 23 тамызда ОКҚ-да өткен онлайн-марафон барысында дауыс беру күні қандай шектеулер қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерлан Жанпейісов "Сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген талаптарды еске салды.

"Дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге, толтырылған бюллетеньді фотоға, видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялауға болмайды. Сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте мұндай сауалнамалар жүргізуге тыйым салынады", – деді ол.

Оның айтуынша, "Сайлау туралы" Конституциялық заңның аталған талаптарын сақтамағандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 220-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман Қазақстандағы сайлау учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!