Қазақстанның Бас прокуроры сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

11:02, 23 тамыз 2026
MKZ: 1562798

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда, елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Берік Асылов Астанадағы №202 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бұған дейін Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейісов ОКҚ-да өткен онлайн-марафон барысында дауыс беру күні қолданылатын шектеулер туралы айтып, "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарын еске салған болатын.

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда, елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 11:02

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы

"Дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге, толтырылған бюллетеньді фотоға, видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін жариялауға болмайды. Сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте мұндай сауалнамалар жүргізуге тыйым салынады", – деді Ерлан Жанпейісов.

Оның айтуынша, "Сайлау туралы" Конституциялық заңның аталған талаптарын сақтамағандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 220-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады.

23 тамыз сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Бұл дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!