Мәскеуде Құрылтай сайлауында алғаш дауыс берген адамның аты белгілі болды
© Фото: zakon.kz
Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары бүгін, 23 тамызда, ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып жатыр. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жанынан сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің Telegram-арнасында хабарланды.
Мәскеудегі сайлау учаскесінде алғаш болып Дубна қаласындағы (Мәскеу облысы) Біріккен ядролық зерттеулер институтының қызметкері Ержан Мұхамеджанов дауыс берген.
Дауыс бергеннен кейін Ержан Мұхамеджанов өз әсерімен бөлісті.
"Бүгін таңертең ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуына үлгеру үшін Дубнадан жолға шықтық. Азаматтық борышымызды өтеу үшін келдік. Қазіргі реформалар, соның ішінде Парламентті трансформациялау – еліміздегі саяси үдерістердің маңызды бөлігі. Жаңа парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау үшін конституциялық құқығымызды пайдалануды маңызды деп санаймыз", – деді ол.
Сондай-ақ Мәскеудегі сайлау учаскесіне өмірінде алғаш рет дауыс беріп отырған азаматтар да келген.
Биыл мектеп бітірген Алина Қасымжан да алғаш рет дауыс берді.
"Ең алдымен, мен еліміздің игілігі үшін өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі Құрылтай сайлауын республика өміріндегі маңызды оқиға деп санаймын. Бұл сайлау жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі болады. Мұның бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып отырған жылда өтіп жатқаны да символдық мәнге ие", – деді Алина Қасымжан.
23 тамыз сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 264 411 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:03, 23 тамыз 2026
Құрылтай сайлауында алғашқы болып қай жоғары лауазымды тұлғалар мен министрлер дауыс берді
-
11:44, 23 тамыз 2026
Әділжан Жаудинов дзюдодан әлем чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медальді салды
-
11:36, 23 тамыз 2026
Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді
-
11:17, 23 тамыз 2026
23 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:02, 23 тамыз 2026
Қазақстанның Бас прокуроры сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді





