Дания Еспаева, Нұрлан Бекназаров және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды
© Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 28 тамызда өткен алғашқы жалпы отырыста төрағаның орынбасарларын сайлап, бір палаталы Парламенттің құрылымын жасақтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутаттардың шешімімен Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Сондай-ақ бір палаталы Парламенттің құрылымы жасақталды. Құрылтай құрамында сегіз тұрақты комитет жұмыс істейді:
- Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетін депутат Серік Егізбаев басқарады;
- Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Асхат Аймағамбетов басқарады;
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін Үнзила Шапақ басқарады;
- Қаржы және бюджет комитетін Ольга Перепечина басқарады;
- Өңірлер және инфрақұрылымды дамыту комитетін Әмірбек Оспанбеков басқарады;
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін Марат Қожаев басқарады;
- Цифрландыру және ғылым комитетін Дархан Ахмедиев басқарады;
- Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетін Наталья Годунова басқарады.
Бұған дейін Құрылтай депутаттары бір палаталы Парламенттің төрағасын сайлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 28 тамыз 2026
Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты
-
17:33, 28 тамыз 2026
«Көп қан кеткен». Ақмола облысында ер адам пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алды
-
17:22, 28 тамыз 2026
Павлодардағы кәсіпорын кассасынан 25 млн теңге ұрланды
-
17:11, 28 тамыз 2026
Еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде Қазақстан алты медаль еншіледі
-
16:59, 28 тамыз 2026
Қазақстан оқушылары смартфонды қашан пайдалана алады





