Дакарда өтіп жатқан Олимпиадада отандық боксшы «алтынға» таласатын болды

18:59, 11 қараша 2026
MKZ: 1577262

© Сурет: olympic.kz

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады. Оның финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болмақ.

Айта кетейік, финал 12 қарашада өтеді.

Бұған дейін жасөспірімдер Олимпиадасында боксшы Марал Төлепберген жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!