Чилидегі шоу: Қазақша ән орындап, Димашты салған әнші жартылай финалға өтті

18:48, 8 қаңтар 2025

© Сурет: видеодан алынды

Чилиде Пабло Ромеро отандасымыз, әлем мойындаған әнші Димаш Құдайбергеннің әнін орындап, танымал шоудың жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықпен DimashNews.com бөлісті.

"7 қаңтарда Чилидің оңтүстігінде орналасқан Чильян қаласынан 22 жастағы Пабло Ромеро Чилидің ең ірі TVN телеарнасында көрсетілетін танымал "My Name Is" шоуының жартылай финалына сәтті өтті. Пабло қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесінде "Кiм Екен" композициясын орындады", делінген хабарламада.

Желі қолданушыларының кейбірі чилилік азаматтың талантына бас игенімен, орындалған қазақша әннен қазақша сөз таппай қалғандарына өкініш білдірген. Алайда шетелдіктің талпынысын көпшілік құптап, оның бұл олқылығына кешіріммен қарауға әбден болатынын жазады. Барлығы да Паблоға аталған шоуда жоғары орын алуына тілектестік білдіріп, сәттілік тілеуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!