Оралда саябақ басшысының орынбасары 25 тәулікке қамалды
© Фото: pexels
Орал қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты "Мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлері дирекциясы" МКК басшысының орынбасарына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО сотының ақпаратынша, 2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 02:15 шамасында азамат Д. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Орал қаласы, Молодёжная көшесі №3 үйдің ауласында бағытта Toyota маркалы автокөлікті басқарған. Сонымен бірге, ол полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.
"Сот отырысында азамат Д. өз кінәсін мойындап, мұндай жағдайдың алғаш рет орын алғанын мәлімдеді. Ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екенін түсініп, медициналық куәландырудан қорыққандықтан полиция талабын орындамағанын түсіндірді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 613-бабының 9-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындамауы – жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.",- делінген ақпаратта.
Сот азамат Д.-ның құқық бұзушылық сипатын, жеке басын, оның құқық бұзушылыққа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ іс мән-жайларын ескере отырып, 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бұған дейін Түркістан облысында полицияның 24 қылмыстық топты ұстағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 8 қаңтар 2025
Харбиндегі Азия ойындарында өнер көрсететін шорт-трекшілер белгілі болды
-
22:46, 8 қаңтар 2025
«Ештеңе төлемейсіздер». Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды
-
22:36, 8 қаңтар 2025
«Боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана, Алматы мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
22:36, 8 қаңтар 2025
«Боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:26, 8 қаңтар 2025
Азия ойындары-2025: керлингтен Қазақстан намысын кімдер қорғайды