«Бұл той емес, ауызашар». Роза Рымбаева немересінің бесік тойын атап өтті
© Сурет: видеодан алынды
Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов Assyl тобының солисі Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтеріп, өткен айда қызды болған болатын. Кішкентай Зейіннің бесік тойында түсірілген видео мен суреттерді отандық жұлдыздар желіде жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда бұл туралы той иесі - Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбаеваның желідегі парақшаларында ләм-мим деген сөз жоқ. Соған қарағанда олар Ораза айында әдеп сақтауды жөн санаған секілді. Тойда да Роза Рымбаева: "Бұл той емес, ауызашар қадірлі қауым", - дейді.
Желіге той видеосын жүктегендердің бірі - әнші Мақпал Жүнісова. Әнші өз әріптесі - Розаны ортаға алып шығып, жараса би билеп, айналадағыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Видеодан тойдың Алматыда Мұз-Тау мейрамханасында өткенін байқауға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





