Бүкіл өңір бойынша Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
Рамазан айындағы барлық өңір бойынша ораза ұстау және намазға жығылу уақытының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүкіл Қазақстан бойынша 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланды.
Сондай-ақ ҚМДБ төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен 2023 жылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілгенін де хабарлайды.
Рамазан айынының бірінші күні бейсенбі - 23 наурызға сай келеді. Бұл күні, мәселен астаналықтар таңғы сағат 5:39-ға дейін ауыз бекітіп үлгеруі керек, ал кешкі сағат 19:36-да ауыз ашуға асығады. Ақтаулықтар сәл кеш, яғни таңғы сағат 6:15-те ауыз бекітсе, ауыз ашар уақыт кешкі сағат 19:54-ке сай келеді. Яғни, өңірлер бойынша ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытында белгілі бір деңгейде айырма барын еске саламыз.
Әр өңір бойынша ораза кестесімен мына арадан таныса аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді
-
17:12, 18 желтоқсан 2025
Қазақстанда 19 желтоқсанда қар жауып, боран соғады
-
17:12, 18 желтоқсан 2025
Қазақстанға 19 желтоқсанда қарлы боран жақындайды
-
17:01, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев пен Такаичи бірлескен мәлімдеме қабылдады





