Бүгін – Қаллеки театры шымылдығын ашқан күн
© Сурет: ticketon.kz
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасы 1991 жылғы 15 қарашада Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері – Ақтоқты" трагедиясымен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы, дарынды режиссер Жақып Омарұлы сахналады.
Театрдың тізгінін кейін Қадыр Жетпісбаев, Әзірбайжан Мәмбетов сынды талантты тұлғалар қолға алды.
2020 жылы елорданың сәулетіне сән берген жаңа театр ғимараты бой көтерді. Заманауи ғимаратта 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, музей бар.
Бүгінде театрдың репертуары жаңаша қойылымдармен толықтырылып келеді.
Мұхтар Әуезовтің "Абай", "Қорғансыздың күні", "Айман-Шолпан", Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн", "Қызыл орамалды шынарым" сынды қойылымдары көрерменнің көзайымына айналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:08, 23 қараша 2026
Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды
-
22:40, 23 қараша 2026
Химик-инженер болғысы келетін талапкерлерге ҰБТ-да таңдау беріледі
-
22:32, 23 қараша 2026
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингтерін тұрақты болжаммен растады
-
22:05, 23 қараша 2026
Солтүстік Қазақстан облысында 14 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
-
21:22, 23 қараша 2026
Павлодарда ер адам полиция бөлімшесінде ойран салды





