«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға қанша қаражат қажет?
Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурада оқуға қанша қаражат қажет екенін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері редакцияның ресми сауалына берген жауабында 2016 жылы 1 стипендиаттың шетелдік оқу орнында магистратурада оқуы үшін келесідей ақша төлеуі тиіс екендігін хабарлады: Қытайда — 1 640 000 теңге, Ресейде — 1 642 000 теңге, Канадада — 5 716 000 теңге, Ұлыбританияда — 8 500 000 теңге, АҚШ-та — 16 471 000 теңге.
«Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуына жұмсалатын шығыны ЖОО-ның рейтингіне, оқу мамандығына, оқу бағдарламасына және алатын дәрежеге (стипендиат оқып жатқан категориядан тәуелсіз) байланысты. Бүгінге дейін стипендиаттардың басым бөлігі, оның ішінде «Мемлекеттік қызметкер» категориясындағылар магистратура бағдарламасы бойынша дайындықтан өтеді», — деп түсіндірді ұйымдағылар.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру барысында бағдарлама бойынша 8 916 түлек оқыды, олардың ішінле 654-і конкурс іріктеуінен өтті және «Мемлекеттік қызметкер» категориясы бойынша оқыды.
«Мемлекеттік қызметкер» категориясы бойынша стипендиаттардың басым бөлігі Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында оқыды. Стипендиаттардың арасында мемлекеттік саясат, саясаттану, мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық және халықаралық қатынастар мамандықтарына сұраныс көп», — делінген жауапта.
Айта кетейік, 1993 жылдың 5 қарашасында ҚР Президенті «1993 жылғы 5 қарашада «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгілеу туралы» қаулыға қол қойған болатын.
Дереккөз: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 18 мамыр 2026
«Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі»: Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады
-
14:56, 18 мамыр 2026
+35 градусқа дейінгі аптап ыстық пен жауын-шашын: Қазақстан бойынша 19–21 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
14:39, 18 мамыр 2026
Алматының үш ірі шағынауданында бір тәулікке суық су өшіріледі
-
14:27, 18 мамыр 2026
ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды
-
14:12, 18 мамыр 2026
Қазақстан азаматтарының 84%-дан астамы елдің даму бағытын қолдайды – әлеуметтік сауалнама нәтижелері





