«Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі»: Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

15:02, 18 мамыр 2026

© Сурет: Zakon.kz/Динара Канбетова

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылындағы отбасының қазасына қатысты сот процесі кезінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жұбайы Ақбаянның отбасы өзіне қысым көрсеткен.

"Балаларымның анасыз да, әкесіз де, оларды өсірген ата-әжесіз де қалғанын қаламадым. Біз ажырасқан кезде олар мені осы қылмысқа итермеледі. Олар менің ар-намысыма тиді. Кінәмді мойындаймын, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына да келісемін", – деді сотталушы сот барысында.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тергеу нұсқасын жариялаған болатын. Оған сәйкес, Сәрсемәлиев бір отбасының бірнеше мүшесін өлтірді, қылмысты жасыруға әрекеттенді, сондай-ақ қаза тапқандардың атына несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған деп айыпталуда.

Сот процесі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Келесі сот отырысы 2026 жылғы 28 және 29 мамырға белгіленген.

Еске салсақ, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы туралы туыстары полицияға тек екі айдан кейін хабарлаған. Ресми іздестіру шаралары 2025 жылғы 25 желтоқсанда басталды. 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптының денесі Жангелдин ауылындағы өз сарайынан табылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиевке хлықаралық іздеуге жарияланды. 13 қаңтарда күдіктімен бірге оның жұбайы – қаза тапқан отбасының кенже қызы, 30 жастағы Ақбаян Мұқанғалиева да іздеу салынды. Әйелдің іс бойынша хабар-ошарсыз кеткен тұлға ретінде қарастырылып отырғаны нақтыланды.

24 ақпанда ІІМ өкілдері Индонезияда Атырау облысындағы отбасы өліміне күдікті қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді. Ал 25 ақпанда қаза тапқандардың қызы да күдікті деп танылғаны белгілі болды.

9 наурызда Индонезия аумағында ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді. Тергеу барысында Сәрсемәлиев қаза тапқан ерлі-зайыптының балалары – Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындады. Балалардың денесі Атырау маңындағы Геолог ықшамауданында, күдікті жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!