Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында жеңіске жетті

11:01, 24 қазан 2024

© Сурет: бейнежазба скриншоты

Будва қаласында (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Әзірге ел спортшыларының бастамасы табысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, үшінші сессияның бірінші жекпе-жегінде рингке Толғанай Қасымбай шықты. Оның қарсыласы венесуэлалық Леон Мена болды.

Жалпы, жекпе-жек біржақты өтті. Толғанай күш басымдылығынан әлдеқайда алда болды. Барлық кедергілерді еңсеріп, төрешілердің бірауыздан шешімімен сенімді жеңіске жетті.

Бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтағаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!