Грек-рим күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

09:40, 24 қазан 2024

© Сурет: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Албанияның Тиран қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы чемпионатты аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК ақпаратынша, құрама атынан кілемге соңғы болып шыққан Бағлан Қуаныш болды. 87 келіге дейінгі салмақтағы спортшының қола алуға мүмкіндігі болған еді.

Алайда жұбаныш айналымының бірінші жекпе-жегінде ол түркиялық қарсыласы Самет Ялдыраннан жеңілді – 2-3.

Осылайша, біздің «классик» балуандар әлем чемпионатынын жүлдесіз аяқтады.

Бұған дейін кәcіпқой боксшы Әбілхан Аманқұлдың ұлттық құрамаға оралғаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!