Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады

17:14, 8 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін "Елорда кубогіне" дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz oympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дәстүрлі халықаралық турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді. Аталған сында ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысады.

Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!