БҚО-да сұйытылған газ сатқандарға айыппұл салынды
© Сурет: Zakon.kz
Бағаны бекіткені үшін сұйытылған газ сатушы екі азаматқа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Алау" ЖШС мен "KuBA Corp" ЖШС-ға қатысты істі тергеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
"Бағаны ұстап тұру бөлігінде көлік құралдарына жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың нәтижесін бұрмалау арқылы бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер белгілері анықталды".ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты "Алау" ЖШС-ға 325 878 теңге монополиялық кірісті тәркілеумен 196 783,11 теңге айыппұл салды. Сот шешімімен "KuBA Corp" ЖШС-ға 127 898 теңге монополиялық кіріс тәркіленіп, 54 568 теңге айыппұл салынды.
11 қаңтарда мәжіліс депутаттары газ бағасын мемлекеттік реттеуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





