Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз аялдама кешені бұзыла бастады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Төле би көшесінің оңтүстігі мен Момышұлы көшесінің шығысында орналасқан заңсыз аялдама кешенін бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, ішінде дүкендер мен дәмханалар орналасқан нысан сот шешімін орындау аясында бөлшектеліп жатыр жатыр.
2022 жылғы 19 шілдеде басқарма қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты аялдама кешенін бұзу туралы талап арызбен Алматы қаласының Әуезов аудандық №2 сотына жүгінген. Бұдан кейін іс бойынша ұзаққа созылған сот процестері өтті.
Нәтижесінде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың нысанды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін атқару парағы Әділет департаментіне жолданды.
Қазір заңсыз салынған нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 11 қазан 2026
Қазақстандық спортшы таеквондодан Парижде өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
-
17:46, 11 қазан 2026
«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
-
17:23, 11 қазан 2026
«Жаңбыр жауып, тұман түседі». Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:58, 11 қазан 2026
«Билеттер шамадан тыс сатылған». Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды
-
16:58, 11 қазан 2026
Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды





