БҚО-да бет-аузын тұмшалап, әппақ киінген ер адам микроқаржы ұйымына ұрлыққа түсті
© Сурет: видеодан алынды
Батыс Қазақстан облысында халыққа қарызға ақша беретін микроқаржы ұйымдарының бірін Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусым күні Орал қаласы микроқаржы ұйымдарының бірінің кассирі полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, сағат 15:36-да үстіне ақ камбинезон киген белгісіз ер адам кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап еткендігін жеткізді.
Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО ПД полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, қылмысқа барған азамат анықталып, ұсталды.
"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді," – деп оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады БҚО полиция департаменті.
Ұсталған адам Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты. Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:26, 12 қыркүйек 2024
Павлодар облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары бұзылған
-
21:15, 12 қыркүйек 2024
Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылады
-
21:06, 12 қыркүйек 2024
Ерлан Қарин Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді
-
20:53, 12 қыркүйек 2024
Көшпенділер «тумысынан қайсар». Тоқаевтың сөзіне егжей-тегжейлі сипаттама берілді
-
20:26, 12 қыркүйек 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Бесінші күннің қорытындысы бойынша да Қазақстан алда келеді