Біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық – Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
"Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз". Мемлекет басшысы
️Президенттің айтуынша, нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды.
"Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін президенттің Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:52, 4 маусым 2026
Мемлекет басшысы: ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың міндеті
-
13:44, 4 маусым 2026
Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды – Президент
-
13:35, 4 маусым 2026
Тоқаев «аға лейтенант» шенін алған түлектерді құттықтады
-
13:23, 4 маусым 2026
Біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік – Тоқаев
-
13:16, 4 маусым 2026
Тоқаев цифрландырудың Қазақстанның болашағына қалай әсер ететіндігін айтып берді





