Біз үшін стратегиялық бағдар болып қала береді – Президент Алтын Орданың ең басты мұрасын атады
© Сурет: akorda.kz
Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады. Президент 2026 жылғы 4 маусымда елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде дәл осындай мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеткенімізді нақтылады.
"Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді. Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды. Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді.
"Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз. Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу".Мемлекет басшысы
Бұған дейін Тоқаев мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды екенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:52, 4 маусым 2026
Мемлекет басшысы: ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың міндеті
-
13:44, 4 маусым 2026
Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды – Президент
-
13:35, 4 маусым 2026
Тоқаев «аға лейтенант» шенін алған түлектерді құттықтады
-
13:23, 4 маусым 2026
Біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік – Тоқаев
-
13:16, 4 маусым 2026
Тоқаев цифрландырудың Қазақстанның болашағына қалай әсер ететіндігін айтып берді





