Биыл СҚО-да полицейлер РФ-ның шекаралас облыстарында іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады

15:29, 20 желтоқсан 2024

© Фото: pexels

Қазақстандық полицейлер жақын шет елдердегі әріптестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасасып тұрады. Әсіресе, бұл жұмыс Ресей Федерациясының үш аймағымен шекаралас орналасқан Солтүстік Қазақстан облысында маңызды.

11 айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді анықтап қолға түсірді, оның ішінде 10 қылмыскер – Омбы, ал Қорған мен Түмен облыстары үшін сәйкесінше 6 және 3 қылмыскерді ұстады.

Атап айтқанда, қорқытып алу қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 26 жастағы ресейлік Мамлют ауданында ұсталды. Ол Түмен қаласының тұрғынын қорқытып, Toyota автокөлігін және ақша талап етті деп күдіктелген.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, кейін ресейлік әріптестерге беріледі.

Солтүстікқазақстандық криминалдық полиция мен Ресей Федерациясы өңірлерінің ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жедел-анықтамалық, іздестіру мәліметтері және өзара маңызды өзге де ақпаратпен алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылады.

"Шекаралас ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс 1993 жылғы Құқықтық көмек туралы Минск Конвенциясына және 2008 жылғы РФ ІІМ мен ҚР ІІМ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілуде", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!