Алматыда авиарейстер кешіктіріліп жатыр: ААК мәлімдеме жасады

19:54, 20 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласы әуежайында рейстердің кешігуіне байланысты 20 желтоқсанда Азаматтық авиация комитеті (ААК) маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық аваиация комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы әуежайынан ұшатын тоғыз рейс, ұшып келетін 12 рейс кешіктірілуде, тағы екі рейс тоқтатылды.


"2024 жылғы 20 желтоқсан күні сағат 20:45-тен 23:00-ге дейінгі аралықта Алматы қаласы әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуе кемелерін қабылдауды уақытша тоқтатады. Ауа райы туралы нақты мәлімет: көріну қашықтығы – 200 м, желдің жылдамдығы – 5 м/с, қарлы жаңбыр және тұман. Болжам бойынша сағат 21:00-ге дейін қатты қарлы жаңбыр, желдің екпіні – 16 м/с, көріну қашықтығы – 200 метр", делінген хабарламада.

Әуе рейстерінің кешігуі, ең алдымен, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орын алып отыр. Бұл азаматтық авиацияның басты басымдығы.

Кешіккен рейстер ұшу кестесінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесі мен ұшу уақытын әуежай мен әуе компанияларының анықтама қызметтерінен алдын ала нақтылауға кеңес беріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!