Атырауда базарда зейнеткерді ұрып өлтірген кәсіпкер сотталды
© Фото: zakon.kz
Базарда әкесіндей адамды ұрып өлтірген атыраулық кәсіпкер сотталды. Көлігін сырған кісіні өлімші етіп сабаған ол енді алдағы сегіз жылын абақтыда өткізеді деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Қайғылы оқиға маусым айында болған. "Газель" көлігінің егде жастағы жүргізушісі тұрақта, абайсызда "Мерседес" көлігін сырып кеткен. Жеңіл көліктің ішінен атып шыққан жүргізуші әкесімен қатарлас адамды аяусыз соққыға жығады.
Зейнеткер ауыр соққыдан ес жимастан ауруханада қайтыс болған. Ал сегіз жылға сотталған Ахмедов марқұмның әйелі мен ұлына, яғни жәбірленушілердің әрқайсысына 10 миллион теңгеден материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
"Ахмедов Мұхтар Хафизовичті ҚК 106-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 8 жыл мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны болып қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімі 2024 жылғы 6 маусымнан бастап есептелінсін". Судья Зәуре Қазақбаева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 19 желтоқсан 2024
Полицейлер эпилепсиямен ауыратын әйелге алғашқы көмек көрсетті
-
22:19, 19 желтоқсан 2024
Екібастұзда жылу коллекторында әйел адамның денесі табылды
-
21:21, 19 желтоқсан 2024
Павел Колмаков фристайл-могулдан Бакурианиде өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде іріктеуден өтті
-
20:47, 19 желтоқсан 2024
Қар, тұман, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:16, 19 желтоқсан 2024
Қостанай облысында колонияға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді