Биыл Қазақстанда қанша бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша мектеп жаңа оқу жылын бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде елімізде 8048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылындағы көрсеткіштен 1,6%-ға көп. Ол кезде Қазақстанда 7920 мектеп болған.
"Білім беру инфрақұрылымын дамыту жалғасып жатыр. 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп және 4207 орындық 32 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерде орналасқан", – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепті кезеңде ең көп мектеп Түркістан және Атырау облыстарында пайдалануға берілген. Бұл өңірлердің әрқайсысында бес мектептен ашылды.
Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысы мен Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен пайдалануға берілді.
Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығында тоғыз оқу орталығы ашылды:
- Қызылорда облысында – үш;
- Шымкент қаласы мен Атырау облысында – екіден;
- Алматы және Жамбыл облыстарында – бір-бірден.
- Алматыда жалпы аумағы 10 662 шаршы метр болатын балалар шығармашылығы орталығы, ал Абай облысында аумағы 9809 шаршы метрлік Оқушылар сарайы пайдалануға берілді.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, 2026-2027 оқу жылында оқушылар саны артады. Мектептерге 4,1 миллионнан астам бала, оның ішінде 380 мыңнан аса бірінші сынып оқушысы қабылданады деп жоспарланып отыр.
Салыстырмалы түрде алғанда, 2025-2026 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллионнан астам оқушы білім алды. Олардың 363 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барған.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылғы 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма деген сұраққа жауап берген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:42, 31 тамыз 2026
Қазақстан дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
-
17:36, 31 тамыз 2026
Алматы аспанын қалың шаң басты
-
17:23, 31 тамыз 2026
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры тағайындалды
-
17:11, 31 тамыз 2026
Тоқаев Бішкекке барды
-
17:02, 31 тамыз 2026
Ринат Мұхаметқали Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды





