Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде 47 мыңнан астам адам қараған
© Сурет: Zakon.kz
Жоғарғы сот азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне алғашқы басты отырысына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кеше, 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктейтін жабық сот отырысы өтті. Келесі сот талқылауы сол күні сағат 16:00-де Жоғарғы соттың ресми YouTube арнасында ашық қолжетімді онлайн-трансляция арқылы өтті. Бұл резонансты іс бойынша өткен алғашқы тікелей эфир екенін атап өткім келеді! Сот отырысында ашықтық, жариялылық және қолжетімділік қағидаттары сақталды. Сот процесінің барысы туралы ақпарат жедел түрде Telegram арнасында және Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі басқа аккаунттарында жарияланды. Сонымен қатар алдын ала тиісті нұсқаулықтар, ақпаратты жариялау және БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысу тәртібі берілді". Жоғарғы соттың байланыс бөлімінің жетекшісі Перизат Сәдуақас
Перизат Сәдуақастың мәліметінше, Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирге бір реттік қосылудың ең жоғары көрсеткіші 7 мыңнан астам болса, осы сәттегі жалпы қаралым саны 47 мыңнан асқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 27 сәуір 2024
Түркістан облысының бас полицейі: Зағамбар ауылында жағдай тұрақты
-
14:47, 27 сәуір 2024
Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды
-
14:28, 27 сәуір 2024
Нұрлан Ағытаев та алаяқтар құрбаны болды
-
14:19, 27 сәуір 2024
Жүкті әйелдерге алғашқы медициналық көмек жаңа тәсілдер бойынша көрсетілетін болады
-
13:58, 27 сәуір 2024
Тоқаевпен кездескен елордалық жас: Арманым орындалды!