Біртіндеп көтеріледі немесе бірден шарықтайды: Бозымбаев жанар-жағармай бағасына қатысты пікірін білдірді

© Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2025 жылғы 24 қаңтарда Үкіметте өткен брифингте әріптестеріне жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) бағасын мемлекеттік реттеу күшін жою кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер мемлекеттік реттеуді алып тастаған кезде жанар-жағармай бағасының қалай өзгеретіндігін сұрады. Біртіндеп көтеріледі ме әлде бірден шарықтап кетеді ме?
"Мен энергетика министрі болғанда, шатаспасам, 2017 жылы бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеу жойылды. Ол 2022 жылы пайда болды. Ол кезде айтарлықтай өсім болмады, Себебі, нақты ойыншылар белгілі: шамамен 3-4 компания. Қазіргі жағдай да шамалас: "ҚазМұнайГаз", CNPC және тағы бір-екі ірі компания болуы мүмкін. Қалғандары баға нарығына әсер ете қоймайды. Сондықтан, бұл жерде мемлекеттік саясат мәселесі – көтерме жеткізушілермен қандай қарым-қатынас жасау керек екенігін нақтылау қажет. Осы жерде, менің әріптестеріме ұсынар жеке пікірім - бақылауды кезең-кезеңімен босату",- деді Бозымбаев.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда тұтыну нарығы өсіп келе жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Абай облысында интернет-алаяқтықтың ерекше жағдайы ашылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 10 ақпан 2025
Петропавл дүрлігіп кетті: Желіде жалаңаш балалардың суреттері пайда болды
-
22:44, 10 ақпан 2025
«Қар, көктайғақ, тұман». Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 10 ақпан 2025
СҚО-да электр пойызында «өнер көрсеткен» мас жолаушыны полицейлер ұстап әкетті
-
21:50, 10 ақпан 2025
Жамбыл облысының тұрғыны желідегі жалған жазбасы үшін балалар үйіне 50 мың теңге беретін болды
-
20:53, 10 ақпан 2025
Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі