Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: ерлер арасында өтетін жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады

22:40, 22 қаңтар 2026

© Сурет: olympic.kz

22 қаңтарда Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы жарыс күні ерлер арасында жекелей сайыс өтеді.

Қазақстан құрамасынан жарысқа үш спортшы қатысады. Ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғысы болмақ. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына енген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!