«Алматы-Ташкент» тасжолында жеңіл көлік арыққа түсіп кетті

21:02, 22 қаңтар 2026

© Сурет: видео скрині

ТЖМ құтқарушылары "Алматы-Ташкент" тасжолында көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Жамбыл облысы Жуалы ауданы "Алматы-Ташкент" автожолының 586-шақырымында ТЖМ құтқарушылары патрульдеу барысында ауа райының қолайсыздығынан арыққа шығып кеткен жеңіл автокөлікті тапты.

Құтқарушылар жедел түрде көмек көрсетуге кірісті. ТЖМ күштерімен автокөлік қар құрсауынан жолдың қауіпсіз учаскесіне шығарылды.

Көлік ішінде 5 адам болды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын ескертті. Ауа райы қолайсыз кезде ұзақ жолға сапарға шығудан бас тартқан жөн, себебі қар құрсауы мен көрінудің нашарлауы өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!