Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру: ережелерге өзгерістер енгізілді
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру және босалқы жерлерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне ауыстыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін басқа санатқа ауыстыруға жол берілмейді. Тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда ғана оларды босалқы жерлерге ауыстыруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайлар мыналар:
- стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды, сел, қар көшкіні, опырылу қаупінен қорғайтын өзге де қорғаныс нысандарын салу және пайдалану, сондай-ақ сейсмологиялық станциялар желісін кеңейту үшін, егер оларды орналастырудың өзге баламалы нұсқалары болмаса және тек шаруашылық қызметі шектеулі режим белгіленген жер учаскелерінде;
- қатты пайдалы қазбаларды (жалпы таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және тек шаруашылық қызметі шектеулі режим белгіленген жер учаскелерінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан жерлерді қоспағанда;
- туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбырлар) салуға қатысты тармақ алынып тасталды;
- жаңа тармақ енгізілді: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға немесе кеңейтілгенге дейін жұмыс істеп келген, сол аумақтардың шекарасында орналасқан денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының нысандарын, жұмыс істеп тұрған зираттарды, кәріздік тазарту құрылыстарын, электр беру желілерін пайдалану үшін, олардың нысаналы мақсатын өзгертпей.
Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде орналасқан және олар құрылғанға немесе кеңейтілгенге дейін жұмыс істеп келген су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың, сел, қар көшкіні, опырылудан қорғау нысандарының, сейсмологиялық станциялар желісін кеңейту объектілерінің, Мемлекеттік шекара нысандарының, қорғаныс қажеттіліктеріне арналған объектілердің, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, жұмыс істеп тұрған зираттардың, кәріздік тазарту құрылыстарының, электр беру желілерінің орналасу орындары, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтан табылған қатты пайдалы қазбалар кен орындары (жалпы таралғандарын қоспағанда) бойынша өзге балама орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл мәселелер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Уәкілетті орган ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруды талап ететін объектілерді орналастырудың өзге нұсқаларының жоқтығын қарау, сондай-ақ барлау немесе геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар кен орнының анықталғанын растау үшін комиссия құрады.
Комиссия құрамына ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өкілдері, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекция (су шаруашылығы және гидротехникалық нысандар қаралған жағдайда), ҚР ҰҚК Шекара қызметі (Мемлекеттік шекара объектілері қаралған кезде), ҚР Қорғаныс министрлігі (қорғаныс нысандары бойынша), жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган (қатты пайдалы қазбалар кен орындары бойынша), су қоры саласындағы уәкілетті орган (жерасты суларының бар-жоғын қарау кезінде), ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқарушы мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және өзге де мүдделі ұйымдар енгізіледі.
Сонымен қатар, қағидалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға немесе кеңейтілгенге дейін жұмыс істеп келген және сол аумақтар шегінде орналасқан денсаулық сақтау мен білім беру ұйымдарының нысандарын, жұмыс істеп тұрған зираттарды, кәріздік тазарту құрылыстарын, электр беру желілерін пайдалану үшін жерлерді босалқы жерлерге ауыстырудың негізі комиссияның оң қорытындысы болып табылатыны туралы нормамен толықтырылды. Бұл қорытынды ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақталуын және уәкілетті орган бекіткен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бас жоспарды ескере отырып беріледі.
Сондай-ақ аталған объектілерді пайдалану мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме Қағидалардың 7-тармағының 1, 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды әзірлеуді қамтитыны нақтыланды.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 22 қаңтар 2026
Италияда екі танымал клубтың жанкүйерлері жолда жаппай төбелес ұйымдастырды
-
16:31, 22 қаңтар 2026
Көкөністен бастап ішімдікке дейін: ақпанда қымбаттайтын Ресейден келетін тауарлар тізімі
-
16:24, 22 қаңтар 2026
Белгісіз адамдар мектептерге шабуыл туралы хабарламалар таратты – полиция тексеруде
-
16:12, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды: Ақорда видео жариялады.
-
16:04, 22 қаңтар 2026
Алматыда «қымыз ішіп» көлік басқаратын жүргізушілер көбейген - ұлттық сусын ішімдікке жата ма





