Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

16:00, 5 қараша 2026
MKZ: 1576141

© Сурет: "Казфосфат" ЖШС

5 қарашада Тараз қаласында тұзданған және тозған жерлерді қалпына келтіру, сондай-ақ Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында фосфогипсті қолдануға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

"Казфосфат" ЖШС, Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясы және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаның нәтижелері таныстырылды. Зерттеулер өнеркәсіптік өндірістің жанама өнімі топырақты қалпына келтіру мен Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыруға қажетті құнды ресурсқа айнала алатынын көрсетіп отыр.

Арал теңізінің мәселесі – Орта Азиядағы ең күрделі экологиялық проблемалардың бірі. Теңіздің тартылуы салдарынан ауқымды тұзданған аумақтар пайда болып, тұзды-шаңды дауылдар көбейді және табиғи экожүйе деградацияға ұшырады. Бұл мәселелерді шешу мемлекет, ғалымдар, халықаралық ұйымдар мен өнеркәсіп саласының бірлескен күш-жігерін талап етеді.

Орта Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан – Халықаралық Аралды құтқару қоры аясында өзара ынтымақтастық орнатқан. Ортақ экологиялық мақсатқа қол жеткізу үшін "Казфосфат" компаниясы да өзіндік сүбелі үлесін тигізуде. Кәсіпорын серіктестерімен бірлесіп, фосфогипсті пайдалану арқылы тұзданған топырақты жақсартудың тиімді технологиясын дамытуда.

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 16:00

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Фосфогипс – минералды тыңайтқыштар өндіру барысында түзілетін жанама өнім. Оның құрамында қоректік элементтердің қосылыстары бар. Сол себепті оны "химиялық мелиорант" ретінде қолдануға болады. Ғылыми негізделген тәсілмен қолданылған жағдайда фосфогипс тұзданған және сортаң топырақтың жекелеген түрлерінің құрылымын жақсартып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай қалыптастырады. "Казфосфат" үшін бұл – өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, елдегі ең өзекті экологиялық мәселенің бірін шешуге үлкен тәжірибелік қадам ретінде есептелмек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 16:00

2024 жылдан бастап компания ғылыми және экологиялық ұйымдармен бірлесіп, Арал өңірінде далалық зерттеулер жүргізіп келеді. Жоба аясында "Казфосфат" 4 тәжірибелік учаскіге 120 тонна фосфогипс жеткізген болатын. Бұл аумақтарда мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.Табиғи тосын жағдайларға бейімделгіш өсімдіктер, соның ішінде сексеуіл, сарсазан және қарабарақ егілді.

Зерттеудің тағы бір бағыты жеміс-жидек дақылдарын өсіруге бағытталды. 2026 жылы тәжірибелік учаскілердің бірінде алма ағаштары мен жүзімнің алғашқы жемістері алынды. Бұл – топырақ сапасын жақсарту және агротехникалық әдістерді қолдануға бағытталған кешенді жұмыстың маңызды практикалық нәтижесі болды. Ғылыми мониторинг тәжірибелік учаскілердегі "сіңімді кальций" мөлшерінің артқанын және топырақ құрамында оң өзгерістер болғанын байқатты.

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 16:00

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Алынған нәтижелер фосфогипсті тозған жерлерді қалпына келтіру технологияларын зерттеу мен әзірлеуге қажетті материал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мамандар топыраққа енгізудің тиімді мөлшерін және суару суының сапасы мелиорациялық жұмыстардың тиімділігіне қалай әсер ететініне қатысты зерттеуді жалғастыруда.

Жобаның әлеуеті Арал аймағымен ғана шектелмейді. Ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуы Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары үшін де тым өзекті. "Казфосфат" -ғылыми ұйымдармен бірлесіп, фермерлік шаруашылықтарда тәжірибелік учаскілер ашу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған практикалық ұсынымдар әзірлеу мүмкіндіктерін қарастыруда. Өткен жылы Тараз, Қызылорда және Түркістан қалаларында топырақ сапасын жақсартуға фосфогипсті қолдану мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізілді.

Тағы бір өрісі кең бағыт – фосфогипсті топырақ мелиоранты ретінде пайдалануда мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастыру. Болашақта бұл технологияны ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қолжетімді етіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы құнарлылығын жоғалтқан жерлерді қалпына келтіруге ықпал етуі мүмкін.

2026 жылы 5 қарашада Тараз қаласында өткен "Суармалы және тозған жерлердің құнарын арттыруда фосфогипсті қолданудың ғылыми-эксперименттік және инновациялық тәжірибесі" атты халықаралық конференция – бұл ауқымды жобаның маңызды бір бөлігі. Іс-шараны "Казфосфат" компаниясы, ҚР-дағы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясы және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өзара ұйымдастырды.

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 16:00

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Конференция Арал маңы өңіріндегі 5 ел ғалымдарының 3 жылдық зерттеу нәтижелерін талқылауға тиімді алаң. Басты қарар – Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру мүмкіндіктері мен фосфогипсті ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану. Іс-шара аясында ғылыми негізделген мелиорациялық технологияларды өндіріске енгізу және алдағы практикалық жұмыстарға арналған ұсынымдар әзірлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел де ұйымдастырылды.

"Казфосфат" компаниясының экологиялық бастамалары жерді қалпына келтірумен ғана шектелмейді. Компания фосфогипсті жол құрылысында, цемент өнеркәсібінде және құрылыс материалдарын өндіруде пайдалану мүмкіндіктерін де дәлелдеуді көздеп отыр. Бұл бағыттарды дамыту өндірістің жанама өнімдерін пайдалы шикізат ретінде қарастыруға, олардың жиналып қалуының алдын алуға және ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді.

"Казфосфат" үшін мұндай жобалар өндірістік қызметке экологиялық жауапкершілік тұрғысынан қараудың маңызды бөлігіне айналуда. Өнеркәсіптік әлеуетті, ғылыми әзірлемелерді және халықаралық ынтымақтастықты ұштастыра отырып, кәсіпорын Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған практикалық шешімдерді іздеуге өз үлесін қосуда.

Зерттеу нәтижелері таңдалған бағыттың перспективалы екенін дәлелдейді. Ал "Казфосфаттың" ғылыми ұйымдармен және Халықаралық Аралды құтқару қорымен бірлескен тәжірибесі - өнеркәсіптік өндірістің жанама өнімі де қоғам үшін маңызды жаңа мақсатқа қызмет ете алатынын көрсетеді. Демек, бұл жоба – табиғатты қалпына келтіру және Арал өңірінің экологиялық болашағын жақсарту үшін құнды ресурсқа айналуа мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!