Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 құрылысына Энергетика министрлігі де жауапты – министр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 4 қарашада Үкіметте өткен брифингте Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларында жаңа қуаттарды салу жұмыстарының кешігуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, екі жылу электр орталығын жаңғырту және салу мерзімдері әртүрлі.
"ЖЭО-2-ге келсек, станция 2026 жылғы 25 желтоқсанда іске қосылады. Ал ЖЭО-3-тегі жағдай мәз емес. "Самұрық-Энерго" компаниясының мәлімдеуінше, құрылыс жұмыстары 2027 жылдың соңына дейін аяқталады. Өздеріңіз білесіздер, жақында Үкімет отырысында "Самұрық-Энерго" басқармасының бұрынғы төрағасын қызметінен босату туралы жарияланды. Оған жұмыс кестесінде белгіленген мерзімдердің бұзылуы және жоспарланған жұмыстардың тиісті көлемде орындалмауы бойынша бірнеше рет ескерту жасалған болатын", – деді Ақкенженов.
Ол жауапкершіліктен ешкім жалтарып отырған жоқ екенін атап өтті.
"Жауапкершілік, соның ішінде Энергетика министрлігіне де жүктеледі. Алайда мердігерлер, атап айтқанда "Самұрық-Энерго" озық бағдарламалық өнімдерді енгізіп, құрылыс барысы мен жұмыс сапасын қадағалайтын, сондай-ақ нәтижелер туралы есеп беретін тәуелсіз инспекторларды тартуы қажет", – деп толықтырды министр.
Еске салайық, 29 қазанда Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" компаниясының бұрынғы басшысы Қайрат Мақсұтовтың қызметінен босатылу себептерін атаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 4 қараша 2026
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттауы мүмкін
-
17:39, 4 қараша 2026
Көмір мен жарық бағасы қымбаттайды ма - министр жауабы
-
17:26, 4 қараша 2026
«Дружба» құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау: Қазақстан РФ-ға ресми сауал жолдады
-
17:16, 4 қараша 2026
«Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
17:00, 4 қараша 2026
Астана мен Алматыдан қатынайтын бағыттарға жаңа Stadler вагондары қосылады





