Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттауы мүмкін
© Фото: zakon.kz
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылғы 4 қарашада үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанның ақылы жолдарының тарифтеріне қатысты кейбір санаттар бойынша қымбаттау болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мақсат Қалиақпаров инфрақұрылымды күтіп-ұстау ақшаны талап ететінін атап өтті.
"Ресейде, Беларусьте, Өзбекстанда тарифтер біздікінен 2-5 есе жоғары. Яғни, біздің жүк тасымалдаушылар сол жақта екі-бес есе артық төлем жасайды, ал елімізде шетелдік жүк көліктері аса шығынданбайды. Халықаралық тәжірибені зерделеу үшін жұмыс тобы құрылды. Әрине, ол тарифтерді көтеру мәселелерін қамтиды, бірақ бұл ретте отандық тасымалдаушылар үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылады", деп сендіреді вице-министр.
Алайда ол тарифтердің қанша пайызға көтерілетінін нақтылап айтпады. Бұл шаралар бірден емес, кезең-кезеңімен енгізілетінін ғана жеткізді. Сондай-ақ Көлік министрлігі бұл шығындар тасымалданатын тауарлардың бағасына әсер етіп, оның қымбаттауына әкеліп соқтырмайды деп санайды.
"Біз бәрін есептейміз, тауар құнында ақылы жолмен жүру құнының үлесі 1%-дан да аз болады", деп баса айтты Мақсат Қалиақпаров.
Айта кетсек, 2026 жылғы 22 қыркүйекте "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ақылы жолдардан түсетін табыстың қайда жұмсалатынын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:47, 4 қараша 2026
Алматыда бойжеткеннің үстіне аялдама шынысы құлады
-
18:36, 4 қараша 2026
Қазақстан 2030 жылға қарай авиаотын өндірісі көлемін арттыруға ниетті
-
18:01, 4 қараша 2026
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді
-
17:39, 4 қараша 2026
Көмір мен жарық бағасы қымбаттайды ма - министр жауабы
-
17:26, 4 қараша 2026
«Дружба» құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау: Қазақстан РФ-ға ресми сауал жолдады





