«Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 5 қараша, бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамына сәйкес, еліміздің екі өңірінде күн суық болып (-2...-3°С), үсік жүреді деп күтіледі:
- Алматы облысының солтүстігінде,
- Қызылорда облысында.
"Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр құяды деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсері сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Еліміз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, түнде және таңертең тұманның түсуі жатқызылады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, метеорологтардың деректері бойынша, бірқатар өңірлерде әлі де жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге (5-7 қараша) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 4 қараша 2026
Қазақстан 2030 жылға қарай авиаотын өндірісі көлемін арттыруға ниетті
-
18:01, 4 қараша 2026
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді
-
17:47, 4 қараша 2026
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттауы мүмкін
-
17:39, 4 қараша 2026
Көмір мен жарық бағасы қымбаттайды ма - министр жауабы
-
17:26, 4 қараша 2026
«Дружба» құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау: Қазақстан РФ-ға ресми сауал жолдады





