Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған
© Сурет: pixabay
Павлодар облысында полицейлер қоғамдық резонансқа ие болған екі қылмыстық істі тергеп жатыр. Тексеруге "оқушы қыздарды зорлады" деген әлеуметтік желіде пайда болған ақпараттар түрткі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын растап, тергеу мәліметтерін жария етті.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аталған жайт туралы хабар құқық қорғау органдарына білім беру мекемесінен келіп түскен.
"Полиция екі қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер анықталып, УҰИ-ға қамалды, оларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдап алынды", деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 4 қарашада ПД-дан.
Ведомство өкілдері тергеу шеңберінде қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын да айта кетті. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Павлодарда екі қызына жыныстық зорлық көрсетіп, оларға АИТВ инфекциясын жұқтырған өгей әкеге қатысты сот үкімі шықққан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:17, 4 қараша 2026
«Үсік жүріп, көктайғақ болады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:41, 4 қараша 2026
Зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды
-
20:34, 4 қараша 2026
Астанада мемлекеттік кәсіпорынды тақырға отырғызған ЖШС басшысы сотталды
-
19:54, 4 қараша 2026
Астанада балабақшада бір бала екіншісін темір орындықпен ұрған
-
19:33, 4 қараша 2026
Кісі ұрлау, өлтіру: Шымкентте алты адам 20-дан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды





