Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Юлия Руслановна Овечкина Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 4 қарашада ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Юлия Овечкина 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
- 2014-2016 жылдары — Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау жөніндегі менеджер, бас маман.
- 2016-2017 жылдары — Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі.
- 2017-2020 жылдары — Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау секторы меңгерушісі.
- 2020-2022 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
- 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Нұрлыбек Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 4 қараша 2026
Астанада балабақшада бір бала екіншісін темір орындықпен ұрған
-
19:33, 4 қараша 2026
Кісі ұрлау, өлтіру: Шымкентте алты адам 20-дан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
-
19:16, 4 қараша 2026
«Кейбір қазақстандықтардың шоттары бұғатталуы мүмкін»: МКК мәлімдеме жасады
-
18:54, 4 қараша 2026
Нұрлыбек Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
-
18:53, 4 қараша 2026
Айнұр Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды





